«Шыдауға міндетті емессің»: Баян Мақсатқызы қандай ер адамнан аулақ жүру керек екенін айтты

Ол әйелдерге қолдау білдіріп, зорлыққа шыдап жүре бермеуге кеңес берді.

«Шыдауға міндетті емессің»: Баян Мақсатқызы қандай ер адамнан аулақ жүру керек екенін айтты
Фото: YouTube
1134

Продюсер Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыз-келіншектер туралы жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол әйелдерге қолдау білдіріп, зорлыққа шыдап жүре бермеуге кеңес берді.

«Еркектің айтқаны дұрыс» дейтін қоғам ешқашан түзелмейді. 90 пайызы ерлерден тұратын парламентте ешқашан әйелдерге қатысты әділдік болмайды. Біз патриархалдық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Оның мағынасын бәріңіз білесіздер: «Еркектікі – дұрыс, әйелдің өзі кінәлі». Мен түсірген соңғы фильмдегі эпизод – көптеген отбасының жанайқайы. Кешіру, шыдау, бәрі өзгеретініне сену – аңыз. Қоғамды кезіп жүрген сұмдық оқиға – сөзіміздің дәлелі. Өзгермеңіз, өзіңізді сақтаңыз. Ешбір тиран адам сенің өміріңді қорламауы керек. Балаларың үшін де, басқалардың пікірі үшін де шыдауға міндетті емессің. Өміріңнің күл-талқанын шығаратын еркектен қашыңыз!» – деді продюсер.

 

 

Серіктес жаңалықтары