1003
Қарағандыда оқушы сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен
Полицияға 39 жастағы азаматша арызбен шағымданды
Қарағандыда мектеп оқушысы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен, деп хабарлады turkystan.kz.
Полицияға 39 жастағы азаматша арызбен шағымданды. Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан.
ІІМ-нің мәліметінше, полиция қызметкерлері хатты жазған адам анықталды. Оның арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы екені анықталды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты.
«Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қойу, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту сұрақтары қарастырылуда», - делінген хабарламада.