Қазақстандық боксшы «Панданың» келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Серік Мұсаділов кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы 21 қазанда Орландода өткізді.

Қазақстандық боксшы «Панданың» келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Фото: ©Depositphotos
579

Ауыр салмақтағы «Панда» лақап атты қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегін желтоқсан  айында Америкада өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Мұсаділов 1 желтоқсанда Флорида штатының Майами қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Vesti.kz-тің жазуынша, қазақстандықтың қарсыласы әзірге анықталған жоқ.

Айта кетейік, Серік 28 қазан Майамиде өтетін бокс кешінде өнер көрсету керек еді, алайда боксшы мен промоутердің арасындағы келіспеушілік салдарынан жекпе-жек өтпеді.

Еске салайық, Серік Мұсаділов кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы 21 қазанда Орландода өткізіп, мексикалық Хавьер Гомес Руэдуды бірінші раундта нокаутқа түсірген (21-18, 15 КО).

Серіктес жаңалықтары