Алматыда 17 адамның атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Тергеу барысында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Алматыда 17 адамның атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
fromprc.ru
592

Алматыда 17 адамның атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, Д.есімді азамат кем дегенде 17 қала тұрғынын алдады деген күдікке ілінді.

«Айыпталушы азаматтарға ай сайын қажетті соманы төлеп отыруға уәде беріп, автокөлікті несиеге рәсімдеуге көндіргені белгілі болды. Ақша мен көлікті алған азамат көлікті үшінші адамдарға қайта сатып, қаражатты өз қалауы бойынша жұмсаған. Аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегіне сәйкес ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Зардап шеккендер көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Сондықтан, осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78 және 8-778-591-91-35», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
 

Серіктес жаңалықтары