1703
Ұлттық валюта туралы 30 дерек
Осыдан 30 жыл бұрын, 1993 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге айналымға шықты.
- 1992 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Халықаралық валюта қорына мүше болды.
- 1993 жылғы 13 сәуірде Қазақ КСР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта құрылды. Сол кездегі алтын-валюта активінің көлемі – шамамен 711 миллион АҚШ доллары, инфляция – 2000%-дан астам.
- 1993 жылғы 14 сәуірде банк қызметі туралы заң қабылданды. Заңда Ұлттық Банктің басқарушы және атқарушы билік органдарынан тәуелсіз екені, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мен Президентіне ғана есеп беретіні баса айтылған.
- 1993 жылғы 15 қарашада тәуелсіз Қазақстанның валютасы – теңге айналымға енді
- Банкноттың алғашқы эскизін Т. Сүлейменов Лондондағы Harrison & Sons фабрикасында әзірледі.
- Ұлттық валюта айналымға шыққан алғашқы күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы бір долларға 4,75 теңге болды.
- 1993 жылғы 17 қарашада Қазақстанның банкаралық валюта биржасы (қазіргі Қазақстан қор биржасы) құрылды; сауда-саттық АҚШ долларымен жүреді.
- 1995 жылғы 19 мамырда Ұлттық Банктің Банкнот фабрикасы ашылды.
- 1995 жылғы 1 тамызда Қазақстан монета сарайының коллекциялық монеталарының алғашқы тиражы шықты. Серия Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына арналды.
- 1996 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы еуробондтары сыртқы нарыққа шықты.
- 1996 жылы Алматы клиринг палатасы Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы болып қайта құрылды; Ірі есеп айырысу жүйесі пайда болды (қазіргі Банкаралық ақша аударымдары жүйесі).
- 1996 жылы Қазақстан биржасының атауы «Қазақстан қор биржасы» деп өзгертілді, бұдан былай KASE валюта, қор және ақша сауда-саттығын ұйымдастырушы болып, туынды қаржы құралдарын іске қосады.
- 1997 жылы KASE алғаш рет листингілік акциялардың сауда-саттығын өткізді.
- 1996 жылғы 19 ақпанда Қазақстан монета сарайында инвестициялық монеталардың алғашқы тиражы – «Жібек жолы» сериясы шықты.
- 1998 жылы елде зейнетақы реформасы басталды.
- 1999 жылғы 15 қарашада Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры құрылды, Қазақстандағы депозиторлар әлемдік стандарттарға сай қорғалатын болды.
- 1999 жылғы мамырда Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы құрылды.
- 2000 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды. Алғашқы жарна – 660 миллион АҚШ доллары «Шеврон» компаниясынан түсті.
- 2001 жылы KASE репо нарығының бірінші индикаторы – TONIA-ны іске қосты. Барлық нарық пен құрал бойынша биржа операцияларының бір тәуліктегі көлемі 1 триллион теңгеден асты.
- 2006 – KASE-дегі алғашқы IPO-ға «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» АҚ акциялары шығарылды.
- 2014 жылы зейнетақы активтері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктірілді.
- 2015 жылы Қазақстан инфляцияны таргеттеу режиміне және теңгенің еркін өзгермелі бағамына көшті.
- 2019 жылы 11 қарашада ақша-кредит саясаты мен қаржыны қадағалаудың аражігі ажыратылды. Екінші функция Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне берілді.
- Теңге әлемдегі ең жақсы қорғалған валютаның біріне айналды.
- 2020 жылғы қарашада ESG облигациялары алғаш рет KASE-ге шықты. Эмитент 13,96 млрд теңге қаражат тартты.
- 2022 жылғы номиналы 20 000 болатын теңге банкнотында 25 қорғаныш элементі бар.
- 2022 жылы Президент Цифрлық теңге тұжырымдамасын бекітті. Ұлттық валютаның жаңа формасы 2025 жылға дейін біртіндеп енгізілетін болады.
- Қазақстан CBDC Race-те әлемнің көптеген елдері ішінде алдыңғы орындарды иеленді.
- Қазір экономикадағы теңгенің көлемі – 34 триллион теңге.
- Қазір Қазақстан монета сарайы Монета сарайлары қауымдастығына мүше. Бұл қауымдастыққа Англияның Корольдік монета сарайы – Royal Mint сияқты мың жылдық тарихы бар, саланың флагманы саналатын монета сарайлары кіреді.