Бүгін — ұлттық валюта күні

Биыл еліміз өз валютасын енгізгеніне 30 жыл толды.

Бүгін — ұлттық валюта күні
Тurkystan.kz
1724

15 қараша - Қазақстанда ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Айта кетейік, 1993 жылы  12 қара­шада «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылды. Ал 15 қарашадан бастап теңге елдегі есептесетін ақшаға айналды.

Осы сәттен бастап, өзіміздің ақша-несие жүйесі мен экономикалық саясат қалыптасты. Ұлттық валютаның дизайнын жасау жұмыстары 1991 жылы басталып, банкнот үлгілері 1992 жылдың тамызында бекітілген. Алғашқы теңге Ұлыбританияда басып шығарылды. Ал 1995 жылдан бастап елде банкнот шығаратын фабрика ашылды. Теңге дизайны және қауіпсіздігі жағынан әлемдегі үздік банкнот ретінде мойындалған.

Серіктес жаңалықтары