Қазақстан электр энергиясын Еуропаға экспорттау жобасына қосылады

Жобаны іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құрылады.

Қазақстан электр энергиясын Еуропаға экспорттау жобасына қосылады
neftegaz.ru
685

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан «жасыл» энергетика экспорты бойынша ортақ келісімге келді, деп хабарлады Turkystan.kz.

Бакуде өткен Әзербайжан, Өзбекстан, Қазақстан энергетика және экономика министрлерінің Орталық Азия елдерінен Әзербайжан аумағы арқылы Еуропаға электр энергиясын экспорттауға арналған жиында бірлескен коммюникеге қол қойылды.

Қатысушылар жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аудара отырып, энергия алмасу саласындағы жасыл сутегі мен жасыл аммиакты әзірлеу және экспорт бағытындағы ытымақтастық жөніндегі техникалық тапсырманы тиянақтау үшін бірлескен жұмыс тобын құратын болды.

Коммюникеге қол қойған мемлекеттердің өкілдері жаңартылатын энергия саласындағы әлеуетін және баламалы көздерден алынған электр энергиясын Еуропаға экспорттау жобасына қосылуға дайын екенін мәлімдеді.

«Әзірленген және бекітілген техникалық тапсырма негізінде алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға тендер жарияланады.  Қатысушылар жобаны іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру перспективасын зерделейді», – деп жазылған Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары