Түркістан облысында газ тапшылығы туындады

Әкімдік газ тапшылығын жоққа шығармайтындығын жеткізді.

Түркістан облысында газ тапшылығы туындады
ашық дереккөз
831

Түркістан облысында газ тапшылығы бар, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде автогазға кезекте тұрған жүргізушілердің видеосы тарады. Онда кезегін күтіп тұрған 30-ға жуық көлікті көруге болады. Тіпті, арасында ас үйге арналған газ баллондарын алып барған тұрғындар да бар. Желі қолданушыларының жазуынша оқиға Түркістан облысының Ордабасы ауданында болған.

Ал, аталған жағдайға ресми пікір білдірген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның Ордабасы ауданында болмағанын мәлімдеді.

«Зерделеу жұмыстарын жүргізу нәтижесімен аталған бейне түсірілім Ордабасы ауданында болмағаны анықталды. Аудан аумағында жалпы 29 автогаз құю бекеттері орналасқан, оның ішінде қазіргі уақытта 8-і тұрақты жұмыс істеп тұр. Жалпы онда 21,5 тонна газ бар. Сұйытылған газдың орташа бағасы 64-75 теңгені құрайды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, әкімдік жеткізушілер тарапынан газ уақытылы келмеуіне байланысты кейбір автогаз бекеттері жұмыс істемей тұрғанын, газ тапшылығын жоққа шығармайтындығын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары