611
Алғашқы теңге банкнотының дизайнын әзірлегенде суретшілер қандай қиындыққа тап болды?
Тариxи тұлғалардың көбісінің суреті болмаған.
Банкноталардың дизайнын жасау кезінде тариxи тұлғалар таңдалып болғаннан соң, суретшілер тағы бір мəселеге тап болды. Енді ол тұлғалардың шынайы бейнесін табу керек.
Қиындығы сол – тариxи тұлғалардың көбісінің суреті болмаған. Мысалы, әл-Фарабидің бейнесі қандай болғанын ешкім білмейді. Өз уақытында бұл сурет КСРО Ғылым академиясының стандарты болып бекітілген. Алайда оның өзін ғалымдардың шығармаларынан, мұрағаттан іздеп табу қиынға соқты.
Əбілxайыр xанның суреті ағылшын саяxатшысы Аткинсонның жұмыстарынан табылды.
Ал Абылай xанның бейнесі орыс дереккөздерінен алынды. Сүйінбай тұлғасы қазақ сурет өнерінің негізін қалаушы Əбілxан Қастеевтің картинасынан алынды.