1050
Қазақстанда Теңге есімді қанша адам бар?
«Теңге» - біреулер үшін ақшаны білдіретін жай ғана сөз емес, сондай-ақ есім
15 қарашада Қазақстанда «Ұлттық валюта» күні атап өтіледі. 1993 жылы дәл осы күні республикада теңге айналымға енгізілді. Алайда «теңге» - біреулер үшін ақшаны білдіретін жай ғана сөз емес, сондай-ақ есім, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Tengri Life елімізде мұндай есімі бар қанша адам бар екенін анықтады.
Ұлттық бюро статистикасының мәліметі бойынша, Қазақстанда Тенге есімді 72 адам бар. Ал Теңге есімімен 12 адам тіркелген.
Сондай-ақ Тенгебай есімді 10 қазақстандық, ал Теңгебай есімімен 3 азамат тіркелген. Сонымен қатар Актенге (90 адам) және Ақтеңге (56) есімдері де кездеседі.