Елімізде жаңа қала пайда болады

Тиісті Президент Жарлығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Елімізде жаңа қала пайда болады
Фото: 5region.kz
1142

Алматы облысындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қалаға айналады, деп хабарлады turkystan.kz.

Тиісті Президент Жарлығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

«Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қалаға жатқызылсын. Алматы облысындағы жаңадан құрылған қалаға «Алатау» атауы берілсін», – деп жазылған Президент Жарлығында.

Президент үкіметке облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Жетіген ауылы Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай шамамен 47 шақырым жерде орналасқан.

 

Серіктес жаңалықтары