879
Ақтаулық ер адам пәтерінен өлі табылды
Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.
15 қараша күні Ақтаудың 7-шағынауданындағы пәтерлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы "102" пультіне хабарланды, деп жазды turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
"Шақырту орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Бұл дерек Ақтау қаласының Полиция басқармасында тіркелді", - делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.