904
Қазақстан - Орталық Азиядағы ауасы ең лас мемлекет
Қазақстан - Орталық Азиядағы ауасы ең лас мемлекет
Қазақстан ауаның ластануы жөнінен әлемдік рейтингтің ондығына енді. Бұл туралы британдық The Eco Experts ұйымының зерттеуінде айтылған деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аталған ұйым сарапшылары қоршаған ортаның 5 факторын негізге ала отырып, 135 елден деректер жинақтады. Осы орайда жан басына шаққандағы энергияны тұтыну, отын жағудан көмірқышқыл газының (СО2) деңгейі, ауаның ластануы, ауаның ластануына байланысты өлім-жітім жағдайлары, жаңаратын энергия көздері бағытындағы мәселелер қамтылды»,- деп жазады ca-news.org.
Қырғызстан Орталық Азияда қоршаған ортадағы улағыш құрамдасы жағынан таза мемлекет болып танылды. Аталған көрсеткіш аясында екінші орыннан Тәжікстан көрінді. Ал Қазақстан мен Түркменстан Орталық Азиядағы ең токсинді мемлекеттер деп танылды.
Ал еҚазақуропалық елдер арасында Люксембург ең токсинді болып тіркелді. Бұл мемлекет көршілес елдерден келетін ластағыш құрамдастан қатты зардап шегуде, әсіресе бұған Германия мен Бельгия әсер етуде.
Әлемде токсиндік деңгейі жағынан алғашқы ондыққа енген мемлекеттер:
- Сауд Арабиясы;
- Кувейт;
- Қатар;
- Бахрейн;
- Біріккен Араб Әмірліктері;
- Оман;
- Түркменстан;
- Ливия;
- Қазақстан;
- Тринидад және Тобаго.
Зерттеулерге сәйкес, токсиндігі ең төмен елдердің қатарынан Кения, Мозамбик және Эфиопия табылды. Өндірістік қуаттардың жоқтығынан бұл мемлекеттерде ауа ластанбаған.