СҚО-да шенеуніктер 4,3 млрд теңгені негізсіз жұмсамақ болған

Кінәлі лауазымды тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

СҚО-да шенеуніктер 4,3 млрд теңгені негізсіз жұмсамақ болған
inbusiness.kz
1208

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджеттік қаражатты жұмсау саласында талдау жүргізу барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жүйелі бұзуды анықтады.

Бас прокуратураның мәліметінше, қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары "Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы саласы туралы" ҚР Заңдарының талаптарын бұза отырып, сомасы 2,5 млрд теңгеге көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жер учаскесіне құқықты анықтайтын құжаттарсыз жүргізген.

Басқа жағдайда, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғалары ҚР Бюджеттік кодексінің талаптарына қарамастан ешқандай негізсіз ғимарат сатып алу үшін 1,1 млрд. теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлген.

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын бұза отыра, осы бюджет қаражатына әлеуетті жеткізушілер үшін негізсіз шектеулермен ашық конкурс арқылы сатып алуды жүргізген.

Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алулар бұзылды, жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бюджеттік қаражатты жұмсау сұрағы қадағалау органының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары