Жемқорлықпен айыпталған шенеунік ақталып шықты

Оған кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп айып тағылған болатын.

Жемқорлықпен айыпталған шенеунік ақталып шықты
gov.kz
765

Шымкент қалалық мамандандырылған соты Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаев сот залынан босатылды, деп хабарлады turkystan.kz Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекеттік айыптаушы екі жыл жаза мерзімін беріп, оны қауіпсіздігі төменгі режимдегі колонияда өтеуді сұрады. Ал бүгін, 5 айға созылған тергеуден кейін Мұхтар Қоқанбаев сот залынан ақталып шықты», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат биылғы маусым айының соңында пайда болған еді. Сол кезде Антикор Қоқанбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеген болатын.

Оған кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп айып тағылды. Алайда кейіннен бұл бап ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі «Лауазымды өкілеттігін теріс пайдалану» деген санатқа ауыстырылды.

 

Серіктес жаңалықтары