Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қанша?

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 320 мың адам.

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қанша?
azattyq-ruhy.kz
931

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 873 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 980 теңге, базалық зейнетақы – 37 893теңге. Бұл туралы turkystan.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 755,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 845,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 910 млрд теңге бағытталды.

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 320 мың адам.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Серіктес жаңалықтары