Алматыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген студенттер ұсталды

Жалған ақпарат берді деген күдікпен колледждің 1-курста оқитын екі студент ұсталды.

Алматыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген студенттер ұсталды
ortcom.kz
819

Алматыда колледждің екі студенті полицияға жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматыдағы колледждердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама 13 қараша күні сағат 10:35-те келіп түсті. Қаланың төтенше жағдайлар және жедел қызметтері дереу ғимарат пен оның маңайына комиссиялық тексеру жүргізді.

«Нәтижесінде жарылғыш құрылғылар, жарылғыш заттар, оқ-дәрілер немесе басқа да қауіпті заттар табылмады. Жалған ақпарат берді деген күдікпен аталған оқу орнында 1-курс оқитын екі студент ұсталды. Олар – 16 жастағы Ж.есімді және 15 жастағы Т.есімді студенттер», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сараланған. Айғақты заттар тәркіленді, олар бойынша сараптама тағайындалды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі жүргізіп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары