Шымкенттіктер қаржы пирамидасына 700 млн теңге салып, алданып қалған

Қаржы пирамидасының басышсы екі жүзден астам салымшыны тартқан.

Шымкенттіктер қаржы пирамидасына 700 млн теңге салып, алданып қалған
matritca.kz
1258

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Kazinform агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында аталған қаржы пирамидасының қаладағы филиалын басқарғаны анықталды. Ол 700 млн теңгеге материалдық залал келтіре отырып, екі жүзден астам салымшы тартқан. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа жіберілді.

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз. Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз.

«Компанияларды қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғына «Baiqa, piramida!» (https://t.me/BAIQApiramidaBOT) телеграмм боты арқылы тексере аласыз»,-делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары