778
Қазақстанда жемқорлық жайлы хабарлағандарға 15 млн теңге берілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро ұсынған дерек осындай.
Биылғы 10 айда сыбайлас жемқорлық туралы хабар берген 57 азаматқа жалпы көлемі 15 млн 200 мың теңге ақшалай сыйақы берілді, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Тізімнің көш басында Батыс Қазақстан облысы тұр.
Өңірдегі парақорлықты әшкере еткендерге жалпы сомасы 4 млн 800 мың теңге төленді.
Жоғарыда аталған қоғам дертіне мүлде төзбейтіндіктерін көрсеткен атыраулықтарға 2 млн 300 мың теңге берілді.
Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында 800 мың теңгеден астам сыйақы берілген.