Астанада ЖЭО-3-тің үшінші қазандығы іске қосылды

ЖЭО-3 қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысан болып саналды.

Астанада ЖЭО-3-тің үшінші қазандығы іске қосылды
Астана әкімдігі
728

Астанада ЖЭО-3-тің үшінші қазандығы іске қосылды. Төртінші қазандықты іске қосу осы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. ЖЭО-3-тің жалпы жылу қуаты сағатына 440 Гкал-ды құрайды, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, осы жылдың қазан айында ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы аяқталған, ол өз кезегінде қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандардың біріне айналған. Осыдан кейін қуаты 220 Гкал/сағ болатын 2 қазандық іске қосылды.

ЖЭО-3 биылғы жылыту маусымында жұмысын бастады. Қазіргі уақытта үш қазандықтың қуаты сағатына 330 Гкал-ды құрайды. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір бөлігін және жаңа салынып жатқан аудандарды жылумен қамтиды.

ЖЭО-3 қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысан болып саналды. Себебі жылу магистралінің капсуласы 2010 жылы салынған.

Серіктес жаңалықтары