«Кітап-AMANAT» жобасы – отандық әдебиетті қолдау бағытындағы маңызды қадам

Іс-шара барысында жас ақындар – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері өз өлеңдерін оқыды.

«Кітап-AMANAT» жобасы – отандық әдебиетті қолдау бағытындағы маңызды қадам
834

«AMANAT» партиясының әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, адамдарды кітап оқуға ынталандыру, отандық кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған «Кітап-AMANAT» жобасы жалғасуда. Бүгін Көкшетау қаласында кезекті кітап орталығы ашылды.

Бүгін Көкшетау қаласында өңірдің мәдени өміріндегі маңызды қадам болған «Кітап-AMANAT» кітап орталығының ашылуы өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, партия ардагерлері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Жазушы-драматург Жабал Ерғалиев қоғамның мәдени келбетін қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

«Қазір кітаптың культін қалыптастыру және жас ұрпақты кітап оқуға бейімдеу – қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. «AMANAT»  партиясы кітап орталықтарын ашу және кітап оқуды дәріптеу арқылы жас ұрпақты тәрбиелеудің оң бастамасын көтеріп отыр. Бұл – баршамыз қолдайтын игі іс», – деді ол  

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Наталья Дементьева кітап орталығында әркім өз талғамына сай кітаптарды тауып қана қоймай, сонымен қатар әдебиет сүйер қауымның бас қосып, пікір алмасатын орны болатынын атап өтті.

«Кітап-AMANAT» жобасы – отандық әдебиетті қолдау бағытындағы маңызды қадам. Кітап – бұл тек білім құралы ғана емес, сонымен бірге рухани қазына. Оқу ақыл-ойды қалыптастырады және тұлғаның дамуына көмектеседі. Бұл біздің қоғамның болашағына жаалған инвестиция», – деді ол.

Іс-шара барысында жас ақындар – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері өз өлеңдерін оқыды.

Осындай кітап орталықтарын Бурабай, Целиноград және Ерейментау аудандарында да ашу жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударған болатын. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Осылайша, «AMANAT» партиясы мен Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, нақты жоспары бекітілді. Жыл соңына дейін «AMANAT» партиясының филиалдары жанынан барлық облыс, қала және тіпті, аудан орталықтарында кітап орталықтарын ашу жоспарлануда. Құжат аясында баспалар орталықтарды қол жетімді бағада қажетті кітап қорымен қамтамасыз етеді. Мұнда тек еліміздегі авторлардың ғана емес, сонымен қатар қаза тіліне аударылған әлемдік бестселлерлер де қойылады.

Серіктес жаңалықтары