«Білім-Инновация» лицейінің құрылғанына 30 жыл толды

Шарада ұлт зиялылары, оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, ардагер ұстаздар және лицей ата-аналардың қатысуымен марапаттау рәсімін өткізеді.

«Білім-Инновация» лицейінің құрылғанына 30 жыл толды
сурет: gov.kz
1093

«Білім-Инновация» лицейлерінің 30 жылдық тарихында жеткен жетістігі мен алар асуы сараланатын “Тағылымға толы, олжалы 30 жыл” атты салтанатты шара өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz оқу ордасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шарада ұлт зиялылары, оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, ардагер ұстаздар және лицей ата-аналардың қатысуымен марапаттау рәсімін өткізеді.

«Білім-Инновация» лицейлері 30 жылдық тәжірибесі бар қалыптасқан, оқу-ағарту министрлігіне қарасты білім беру саласында мақсаты және бағыты айқындалған отандық білім ошағы. Соңғы онжылдақта «БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ Қазақстанның мектеп білімін жаңғыртуға елеулі үлес қосты. Қордың басшылығымен инновациялық білім беру ұйымдарының желісі құрылды, олар озық білім беру технологияларын енгізу алаңына айналды. Сондай- ақ, барлық 32 мемлекеттік «Білім-Инновация» лицейі жаратылыстану-математикалық бағыттағы мамандандырылған білім беру ұйымдары саналады.

Осы уақытқа дейін лицей оқушыларының пәндік олимпиада мен жоба жарыстарындағы медаль саны - 27 593 медаль. Бұл халықаралық, республикалық және облыстық деңгей көрсеткіштерінің жиынтығы. 

Серіктес жаңалықтары