Қонаев қаласында оқушы қызды зорлаған 2 полицей қамауға алынды

Әріптестері 2000 және 2001 жылдары туған күдіктілердің жеке басын анықтады

Қонаев қаласында оқушы қызды зорлаған 2 полицей қамауға алынды
gov.kz
1248

Алматы облысында оқушы қызды зорлаған полицейлер қамауға алынды. Оларға кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатысты қылмыс жасады деген айып тағылған, деп жазады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Қос полицейді өздерінің әріптестері ұстаған.

Биылғы 7 қарашада полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданды. Сол күні қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша облыстық полицияда тіркелді, - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2000 және 2001 жылдары туған күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстаған. Тергеу нәтижелері бойынша олар қамауға алынды.

«Жақын арада сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, қылмыстық істің материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілетін болады. ҚР ҚІЖК 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ведомство ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары