Павлодарда 7 жасар қыз жоғалып кетті

Баланы полиция мен еріктілер іздеп жатыр

Павлодарда 7 жасар қыз жоғалып кетті
Vita іздеу ұйымы
913

Екібастұз қаласына қарасты ауылдардың бірінде кішкентай қыз жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Vita іздеу ұйымының мәліметінше, 17 қарашада кешкі сағат 21:14-те төтенше жағдайлар бөліміне Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылында бала жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен.

7 жасар Милана Давыдова Бесқауға ауылдық мектебінің 3-сыныбында оқиды.

Еріктілердің айтуынша, сол күні сағат 16:00-де қыздың анасы оны балаларымен бірге әкесінің жұмысына ертіп алмақшы болған. Алайда Милана ұсыныстан бас тартып, үйде қалып қойған. Жоғалған қызды сағат 16:00-17:00 аралығында Бесқауға ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан №2 бөлімшенің жанынан байқаған. Онда 7 үй бар.

Кеше шұғыл түрде іздестіру шаралар ұйымдастырылды. 7 жасар баланы іздеуге ТЖД, полиция, жергілікті тұрғындар және Vita еріктілері шықты. Милана Давыдова әлі табылмады, – деп жазылған хабарламада.

Еріктілер қандай да бір ақпарат болса, төмендегі нөмірлерге хабарласуды сұрайды:

8 (747) 615- 55 -63 – Катерина,

8 (705) 722- 45- 83 – Мика.

Милана үйден сары күртеше киіп шыққан. Оның шашы ақшыл сары түсті.

Серіктес жаңалықтары