Магомед Адиев Қазақстан құрамасы сапында тарихи жетістікке қол жеткізді

Бұған дейін бірде-бір бас бапкер он рет жеңіске жетпеген

Магомед Адиев Қазақстан құрамасы сапында тарихи жетістікке қол жеткізді
prosports.kz
904

Магомед Адиев бастаған Қазақстан құрамасы оныншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz Каzinform-ға сілтеме жасап. 

Ресейлік маман Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде алғашқы ойынын 2022 жылы 3 маусымда Астанада, Ұлттар лигасы ойыны аясында Әзербайжан құрамасына қарсы (2:0) өткізді. Сан-Мариноға қарсы ойындағы жеңісі оныншы болды. Бұған дейін бірде-бір бас бапкер он рет жеңіске жетпеген. 

Қазақстан құрамасының жеңістері бойынша рекордқа қол жеткізген бапкерлер:

1. Магомед Адиев — 10 жеңіс (17 матч);

2. Арно Пайперс — 7 жеңіс (36 матч);

3. Серік Бердалин — 6 жеңіс (20 матч);

4. Воит Талгаев — 5 жеңіс (9 матч);

5. Михал Билек — 5 жеңіс (18 матч);

6. Мирослав Беранек — 5 жеңіс (24 матч).

Серіктес жаңалықтары