Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушы қыздар ағасының үйінен табылды

Оқушы қыздар өзге аудандағы ағасының үйінен табылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушы қыздар ағасының үйінен табылды
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі
1284

Ақтөбеде Қобда ауданы, Бесқұдық ауылынан шығып кетіп, хабарсыз қалған 8 және 9 сынып оқушылары ағасының үйінен табылды. Олардың Хромтау ауданына қалай жеткені тексеріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

"Полиция қызметкерлері іздеу жұмысын жүргізіп, апалы-сіңлілі оқушыларды Хромтау қаласынан тапты. Қыздар полиция бөліміне жеткізілді. Полиция бөліміне оқушылардың әжесі шақырылды. Олардың үйден кетіп қалу себебі анықталады. Облыстық полиция департаменті еріктілер мен көмектескен адамдарға алғыс айтады", - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Серіктес жаңалықтары