Астана әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады

Қаланың коммуналдық қызметтері табиғи желдің салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Астана әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады
tengrinews.kz
1222

Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, екпіні 15-20 м/с болатын оңтүстік-батыс желінің күшеюіне, кей тұстарда 23 м/с болуына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаланың коммуналдық қызметтері табиғи желдің салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Кеше сағат 21:30-да қатты желдің салдарынан №79 мектеп-лицейінің қасбетінің бір бөлігі опырылып түсті. Залалдың болжамды көлемі – шамамен 120 ш.м. Қалпына келтіру жұмысы ертең ауа райы тұрақталғаннан кейін басталады. Қауіпсіздік мақсатында учаске қоршалады, құлаған бөлігі таңертең шығарылады.

Ауа райына байланысты тұрғындар шұғыл қажеттілік болмаған жағдайда көшеге шықпағаны және үйде болғаны жөн.

«Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Егер көшеде жүргенде қатты желге тап болсаңыз, құтқарушылар жерасты өткелдерін немесе ғимараттардың кіреберістерін паналауды ұсынады. Үйлердің қабырғасының жанында қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шифер мен басқа да материалдар шатырдан құлауы мүмкін», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары