Астанада түндегі дауылдан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді

Пациенттердің бәрінің жағдайы қанағаттанарлық

Астанада түндегі дауылдан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді
t.me/astanovka98
1176

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты 18 қарашада қалалық стационарларға медициналық көмек бойынша жүгінген азаматтар бар, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, жедел медициналық жәрдем бригадасы 4 адамды түрлі жарақаттары бойынша көпбейінді қалалық ауруханалардың жарақат пунктіне жеткізген. Бір баланың аяғы сынған.

Пациенттердің бәрінің жағдайы қанағаттанарлық, реанимациялық жағдайға түскен науқастар жоқ.

Науқастардың бір бөлігі медициналық қызметкерлер тексергеннен кейін асқынулардың болмауына байланысты амбулаториялық емделуге жіберілді. Кейбір зардап шеккендер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жедел жәрдем көлігімен жарақат пунктіне барудан бас тартты, - делінген хабарламада.

Ауа райы күрт нашарлап, екпіні 15-20 м/с болатын оңтүстік-батыс желінің күшеюіне, кей тұстарда 23 м/с болуына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері дүлей желдің салдарын жою үшін жұмыс істеп жатқаны айтылды. Өйткені түнде үй қасбеттері ұшып, көліктер қираған.

Әлеуметтік желілердегі фотосуреттер мен видеоларға сүйенсек, қатты желден тұраққа қойылған көліктер қирап, ғимараттардың қасбеттерінің опырылуынан бөлек, кей жерде жарнамалық құрылымдар да құлаған.

 

Серіктес жаңалықтары