1144
Павлодарда жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды
Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де болған оқиғаны растады
Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың мәйіті табылды, анасы болған істі мойындады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де болған оқиғаны растады.
«Өкінішке қарай, қыздың денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Оқиғаның мән-жайын полициядан біле аласыздар», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Павлодарлық құтқарушылар, сонымен қатар, қыздың анасының істеген әрекетін мойындағанын жеткізді.