Шымкент әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Екі күн Шымкент қаласының бір бөлігінде газ берілмейді

Шымкент әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады
Ашық дереккөз
1539

20-21 қарашада Шымкент қаласының бір бөлігінде газ берілмейді, осыған байланысты қала әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жолдады. Бұл туралы әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасы хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, газ өшіру өндірістік қажеттілікке байланысты және инвестициялық бағдарлама аясында газ құбырының қуаттылығын арттыру мақсатында жүзеге асады.

 Ведомство 20-21 қарашада газбен жабдықтауды уақытша тоқтату мына мекенжайларда жоспарланғанын мәлім етті: Төреқұлов көшесі, Рысқұлбеков көшесі, Байтұрсынов көшесі, Мәметова көшесі, Рысқұлов көшесі, Әл-Фараби көшесі, Темірлан тас жолы, Желтоқсан көшесі, Момышұлы көшесі (тұрғын үй, коммерциялық және өнеркәсіптік объектілерді қоса алғанда) шекараларында. 

"Жоғарыда аталған аудандардың тұрғындарынан олардың алдындағы барлық газ аспаптары мен крандардың ажыратылуын қадағалауды, сондай-ақ газды қайта іске қосу кезінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ШПФ қызметкерлері үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді сұраймыз. Газдың иісі анықталған жағдайда 104 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз. Қолайсыздық үшін алдын ала кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары