4846
Аман Төлеев өмірден өтті
Қаралы хабарды аймақ басшысы Сергей Цивилев ВКонтакте парақшасында жеткізді.
Кемерово облысын 2018 жылға дейін 20 жыл басқарған Аман Төлеев 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қаралы хабарды аймақ басшысы Сергей Цивилев ВКонтакте парақшасында жеткізді.
«1997 жылдан 2018 жылға дейін Кемерово облысының губернаторы болған Аман Ғұмырұлы Төлеев өмірден өтті. Ол бар ғұмырын Кузбасс пен Ресейге қызмет етуге арнаған жарқын, ерекше адам. Бұл — орны толмас қаза. Біздің аймақтың тұтас дәуірі Аман Ғұмырұлымен байланысты: ол кеншілер Транссібір темір жолындағы қозғалысты бөгеп, рельсте отырған қиын-қыстау кезеңде оны басқарып, дағдарыстан алып шықты» деп жазды ол.