Ақтауда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

Пара алу фактісі бойынша күдікке ілінді.

Ақтауда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды
Ашық дереккөз
602

Ақтауда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Ол әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына азық-түлік жеткізетін кәсіпкерден ақша талап еткен. Яғни, жасалған жұмыс актілеріне қол қойып, қаражаттың есепшотқа аударылуына ықпал еткені үшін пара сұраған. 

Қазір мемлекеттік қызметші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"Жасалған шарттар аясында орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдікке ілінді", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары