Павлодардағы дәмханада бір топ адам уланып қалды

Оқиға 19 қараша күні сағат 18:05-те Шығыс индустриалды аймағындағы дәмханада болған.

Павлодардағы дәмханада бір топ адам уланып қалды
kazlenta.kz
772

Павлодардағы дәмханалардың бірінде көмірқышқыл газынан 5 адам уланды. Зардап шеккендер арасында екі бала бар, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, 19 қараша күні сағат 18:05-те Шығыс индустриалды аймағындағы дәмханадан көмірқышқыл газынан жаппай улану туралы қоңырау түскен. Дәрігерлер оқиға орнына сегіз минуттың ішінде жеткен. 

"Бес адам зардап шекті. 27 және 40 жастағы ер адамдар орташа дәрежедегі уланумен №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. 7 және 16 жастағы екі бала балалар ауруханасында. Ал 62 жастағы ер адам алғашқы көмектен кейін ауруханаға жатудан бас тартты", – деп мәлімдеді жедел жәрдем қызметі өз хабарламасында. 

Айта кетейік, көмірқышқыл газымен улану диагнозымен зардап шеккен балалар дәрігерге қаралып, ауруханаға жатқызуды қажет етпегені атап өтілді. Екеуі де амбулаторлық емделуде.

Серіктес жаңалықтары