Полиция формасын киіп, суши жарнамалаған жігітке айыппұл салынды

Алматыда «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында полиция формасын пайдаланып, суши жарнамасын түсірген жас жігітке қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Полиция формасын киіп, суши жарнамалаған жігітке айыппұл салынды
Фото: Polisia.kz
680

Алматы тұрғынына полиция формасын киіп, суши жарнамалағаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство ақпараты бойынша, Алматыда «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында полиция формасын пайдаланып, суши жарнамасын түсірген жас жігітке қатысты әкімшілік шара қолданылды. Ол видеоны әлеуметтік желі арқылы таратқан.

«Мен – жаңадан бастап жатқан блогермін, бұл жарнаманы қызық болсын деп түсірдім және тараттым. Бұл заң бұзушылық екенін білмедім. Болашақта мұндай жағдай қайталанбайды», – деді алматылық.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Б.есімді азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған полиция формасын заңсыз пайдаланғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Арнайы полиция киімі тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары