Талдықорғандық ер адам шетел азаматын соққыға жыққан

Ол Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.

Талдықорғандық ер адам шетел азаматын соққыға жыққан
AFP 2023 / DANIEL SANNUM LAUTEN
871

Оқиға 19 қарашада, қаладағы супермаркетте болған. 28 жастағы шетелдікке жергілікті тұрғын қол жұмсап, қашып кеткен.

Талдықорған полициясы жәбірленушінің арызы бойынша соққыға жыққан күдіктіні анықтады. Бейнекамераға жазылып қалған оқиғаға екі адамның сөзге келіп қалуы себеп болған. Іздеу нәтижесінде Талдықорған полицейлері шетелдік азаматқа қатысты бұзақылық жасады деген күдікке ілінген жас жігітті анықтады. Ол Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.

19 қарашада қалалық полицияға алыс шетелдің 28 жастағы өкілі жүгінді. Өз мәлімдемесінде ер адам оны қалалық супермаркеттердің бірінде ұрып-соққан. Жәбірленуші оған шара қолдануды талап етті. Тәртіп сақшылары күдіктіні бір сағат ішінде ұстап, полицияға жеткізді, - делінген Талдықорған полициясының ресми мәліметінде.

Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша іс қозғалған.

Серіктес жаңалықтары