770
Тұрғын үйге кезекке тұру мәселесі шешілмей тұр – депутат
Мұндай қарқынмен бірнеше жылдан соң бұл көрсеткіш 1 млн-ға жетуі мүмкін
Мәжіліс депутаты, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бүгін өткен Мәжіліс отырысында көпшілікті алаңдатқан тұрғын үй кезегіне тұру мәселесін көтерді.
«Соңғы 3 жыл ішінде үйге кезекке тұрғандар саны 480 мыңнан 600 мыңға көбейген. Яғни, 200 мыңға артты. Бұл – бір облыста тұратын халық санымен тең. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Мұндай қарқынмен бірнеше жылдан соң бұл көрсеткіш 1 млн-ға жетуі мүмкін. Сонымен қатар мемлекет жыл сайын тек 9-10 мың ғана пәтерді қолданысқа береді. Бұған қомақты қаржы бөлінеді. Бүгін Қазақстанда ешқандай ипотекалық бағдарлама жоқ. Біз заңнамаға өзгерістер енгіздік, алайда тұрғын үйге кезекке тұрғандар мәселесі әлі шешілген жоқ», – дейді Е.Бейсенбаев.