Қазақстан ушудан әлем чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

Биылғы әлем чемпионатына 80-нен астам елден 800-ге жуық спортшы қатысты.

Қазақстан ушудан әлем чемпионатында 4 медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы
733

АҚШ-тың Даллас (Техас штаты) қаласында ушудан 16-шы әлем чемпионаты аяқталды. Ушу спортының санда түрінен Ұлттық құрама спортшылары 4 медаль жеңіп алды.

Күміс медальді Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (+90 кг) қаңжығасына байлады, ал, Ақниет Марат (75 кг), Бексұлтан Коскенов (65 кг), Ислам Каримов (56 кг) қола жүлделерді еншіледі.

Биылғы әлем чемпионатына 80-нен астам елден 800-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан жалпы есепте 16-сатыға тұрақтады. Бұған дейінгі әлем чемпионаты 2019 жылы Қытайдың Шанхай қаласында өтіп, Ұлттық құрама Ислам Каримовтың (52 кг) қола жүлдесін қанағат тұтқан.

Серіктес жаңалықтары