Түркістан облысында жас жігіт экс-әріптесінің атына несие рәсімдеген

Жәбірленуші ұялы телефонын жоғалтын алған.

Түркістан облысында жас жігіт экс-әріптесінің атына несие рәсімдеген
otyrar.kz
916

Мақтааралда ұялы телефонын жоғалтып алған тұрғынның атына бұрынғы әріптесі несие рәсімдеп алған, деп хабарлады turkystan.kz.

Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Айтуынша, белгісіз біреу оның жоғалтып алған ұялы телефонын пайдалану арқылы мобильді қосымшасынан несие рәсімдеп алған.

«Атына несие рәсімделгені туралы өзіне банктен телефон арқылы  хабарласып, төлем жасау туралы айтқан кезде білген. Жәбірленушіге 500 мың теңге шығын келген», – делінген Otyrar.kz сайтының хабарламасында.

Полиция қызметкерлері аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтығы үшін күдікті ретінде жергілікті жас жігіт анықталды. Ол жәбірленушінің 24 жастағы бұрынғы әріптесі болып шықты.

«Белгілі болғандай, жәбірленуші жоғалтып алған ұялы телефонды күдікті жас жігіт тауып алған. Содан соң құпия сөзін білетінін пайдалана отырып, банк қосымшасынан несие рәсімдеген. Күдікті несие алған ақшасын бас пайдасына жаратып үлгерген», – делінген полиция мәліметінде.

Қазіргі таңда күдікті жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары