Көктайғақ, жел: 23 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігіне Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық бөліктердің әсерінен жаңбыр, қар жауады.

Көктайғақ, жел: 23 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: egemen.kz
758

Қазгидромет 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігіне Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық бөліктердің әсерінен жаңбыр, қар жауады.

Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ болады, жел тұрады, солтүстік өңірлерде боран соғады. 

Серіктес жаңалықтары