«Жастар Рухы»: «Менің пайдалы әдеттерім» акциясын бастады

Әлеуметтік желілерде «Менің пайдалы әдеттерім» атты акция басталды.

«Жастар Рухы»: «Менің пайдалы әдеттерім» акциясын бастады
24.kz
1186

 Онда «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері қоғамды оң  өзгерістер жасауға шақыруда.

Жастар қанаты төрағасының орынбасары Акерке Искандерова өзінің Instagram парақшасында қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды.

«Сіздің болашағыңыз – өз әдеттеріңізге байланысты. Күнделікті негізде біздің өмірімізге  пайдалы әдеттер енгізсек, оның қаншалықты өзгеруі мүмкін екенін елестетіп көріңізші. Әрине, олардың ішінде ең көп тарағандары - сапалы ұйқы, пайдалы тамақтану, спортпен шұғылдану, кітап оқу және т. б.Соның нәтижесінде біз шымыр денеге, күшті иммунитет пен қосымша дағдыға ие боламыз. Ал егер біз оған үлкен-кішілі құқық бұзушылықтарға төзбеушілікті енгізсек, біздің қоғам қаншалықты өзгеретінін елестетіп көрейік. Бұл қауіпсіз қоғам құрудағы ең пайдалы әдет болады деп санаймын. Егер әрқайсымыз қоқысты арнайы жәшігіне апарып, аялдамаларда, подъездер мен лифттерде орынсыз сурет салмасақ, жол қозғалысы ережелерін сақтасақ, велосипедке арналған жолмен жүрмесек, жақындарымыздың тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе әлімжеттік көрсету туралы сигналдарына назар аударатын болсақ, жануарларды қорғап, көшеде бей-берекет түкірмеуді қалыптастырсақ, біз көптеген мәселелерден аулақ бола аламыз. Әр істің  кішкентайдан басталатынын түсініп және есте сақтауымыз тиіспіз. Әрине, жоғарыда аталған барлық құқық бұзушылықтар үшін жазалар мен айыппұлдар қарастырылған, бірақ егер халық арасында өзара түсіністік болмаса, олар қаншалықты тиімді болады? Осы ретте,  біз әлеуметтік желілерде «Менің пайдалы әдеттерім» атты онлайн акцияны бастағымыз келеді.  Басты мақсаты - дұрыс әрі пайдалы әдеттерді көрсету. Бір-бірімізді тек жақсы істерге ынталандырайық! Себебі тек нақты әрекеттер ғана нәтиже бере алады!», – деп жазды А.Искандерова.

Атаулы акцияға Қазақстанның 20 өңірінің жастары қосылып, олар өздерінің «пайдалы әдеттері» туралы жазбаларды белсенді жариялауда.

Айта кету керек, осы акция аясында белсенділер елорда тұрғындары арасында әлеуметтік эксперимент жүргізіп, оларға челлендж түріндегі 1 ай көлемінде орындау керек «пайдалы әдетті» таңдауды ұсынды. Тиісінше, қала тұрғындары челлендж нәтижелерін әлеуметтік желілерде арнайы «әдеттер трекері» арқылы бөлісетін болады.

Серіктес жаңалықтары