«Ештеңеге ынтам қалмады»: Сәкен Бибосынов Азия ойындарындағы сәтсіздіктен қалай ес жиғанын айтты

Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов жақында өткен Қазақстан Спартакиадасында топ жарды.

«Ештеңеге ынтам қалмады»: Сәкен Бибосынов Азия ойындарындағы сәтсіздіктен қалай ес жиғанын айтты
Фото: Нұрғали Жұмағалиев
880

Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов жақында өткен Қазақстан Спартакиадасында топ жарды. Ташкенттегі әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындарында жолы болмаған спортшы мұндай сәтсіздіктерден соң қалай жігерленгенін айтты, деп жазады turkystan.kz Bassport.kz-ке сілтеме жасап.

«Жазғы Азия ойындары бәріміз үшін ауыр соққы болды. 11-орын алу біздің еліміз үшін үлкен сын екені анық. Өзімнің де сол додадан соң мәзім кетті. Ештеңеге ынтам қалмады. Отбасымда да аздаған мәселелер бой көтеріп, бәріне қолымды бір сілтегім келгені де рас. Токио Олимпиадасының қарсаңында да осындай сынақтар болған. Бірақ ойлана келе, ел Спартакиадасына қатысамын деп шештім. Отбасым, достарым мен ағайларым қолдау көрсетті. Тұңғиықтан алып шыққандай әсерде қалдым. Бір-біріне жалғасқан қиындықтар да шешімін тапқан cыңайлы. Жарысқа екі аптадай қалғанда толыққанды дайындалып, өз арнама түстім. 51 келіде бәсекелестік жоғары, жақсы боксшылар өсіп келе жатыр. Бәсеке бар жерде нәтиже де жақсарары анық. Енді бар күшімді жиып, Олимпиадаға лицензия алуға тырысамын», - деді Бибосынов.

Айта кетелік, 51 келідегі финалдық кездесуде Сәкен Бибосынов биылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайды жеңді.

Серіктес жаңалықтары