Мәжілісте есірткіге қарсы күрес мәселелері талқыланды
Депутаттар Ақмола облысы Аршалы ауданындағы №2 түзету мекемесінің жұмысымен, жазасын өтеп жатқан адамдардың жай-күйімен танысты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері есірткіге қарсы күрес мәселелерін талқылады.
Депутаттар Ақмола облысы Аршалы ауданындағы №2 түзету мекемесінің жұмысымен, жазасын өтеп жатқан адамдардың жай-күйімен танысты.
Сонымен қатар депутаттар Қарағанды қаласындағы отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығына, облыстық ПД кинология орталығына, әділет органдарына тиесілі сараптама орталығына барды.
Жергілікті мәселелермен жұмыс істеп жатқан мамандардың көтеретін сұрақтары бірден Мәжіліске немесе бізге жетпеуі мүмкін. Сондықтан біз өзіміз келдік. Жұмыс процесін көрдік. Сұрақтарымызды қойып, қолданыстағы заңнамаға қандай өзгерістер мен толықтырулар қажет екенін сұрастырдық», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан.