Ақша толы әмиянды иесіне қайтарған қостанайлық азамат алғысқа бөленді

Ақша толы әмиянды иесіне қайтарған қостанайлық азамат алғысқа бөленді

Ақша толы әмиянды иесіне қайтарған қостанайлық азамат алғысқа бөленді
ашық дереккөзі
263

Жолдан ақша толы әмиян тауып алған Қостанай тұрғыны Сүйіндік Сапаров олжаны қалтасына баспай, иесіне қайтарып берген. Бұл жөнінде  alau.kz порталына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. 

Дамира Әбілдинова қалаға Федоро ауданына келген. Ол министр Тамара Дүйсеновамен кездесуге шақыртылған екен. Келіншек танысына дүкеннен су алып бермекші болғанда, әмиянын жоғалтып алған. "Ішінде барлық құжатым мен 140 мың теңге ақшам және банк карточкалары кетті", - дейді Дамира. Қуанышқа қарай, ақшаға толы әмиянды Қостанай тұрғыны Сүйіндік Сапаров тауып алған. Ол жергілікті арнаға хабарландыру беріп, әмиянның иесін іздестіріпті. "Айып етпеңіз, ішін ашып қарадым. Өйткені, телефон нөмірі жазулы ма деп ойладым. Ешқандай дерек болмаған соң, телеарнаға хабарландыру бердім. Алғашқы екі күннен соң, хабарландыру ақылы тұрады екен. Бірақ мен ақылы болса да хабарландыру беріп, әмиянның иесін табуға тырысатын едім", - дейді Сүйіндік Сапаров. Құжаттары мен ақшасын қайтарып алған Дамира Әбілдина қоғамда осындай азаматтардың барына дән риза.

Серіктес жаңалықтары