1427
Шымкентте 28 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды
Жүргізуші қарызын толық қайтарғаннан кейін ғана темір тұлпарын ала алады.
Шымкентте 28 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында патрульдік полиция полкінің инспекторлары қала көшелерінің бірінде Lexus 470 автокөлігін тоқтатты.
«Қорғау» қосымшасы аталған жүргізушінің 28 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені туралы хабарлады.
«Тәртіп сақшылары тиісті шара қолдану үшін сот орындашыларын шақырды. Ер адам екінші дәрежелі банктердің біріне 27 млн 500 мың теңге қарыз екені және 500 мың теңге өтелмеген салығы бар екені анықталды. Борышкерге төленетін төлемдер туралы ескертіліп, көлік айыптұраққа қамалды», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, қала тұрғыны қарызын толық қайтарғаннан кейін ғана темір тұлпарын ала алады.