Бір автобустың жолаушыларын аман алып қалған оқушы Ақжол Герой марапатталды

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев оқушыны құттықтап, ноутбук, тәтті толы кәрзеңке сыйлады. Сонымен қатар оны тәрибелеген ата-анасына Алғыс хат табыстады.

Бір автобустың жолаушыларын аман алып қалған оқушы Ақжол Герой марапатталды
Фото: Instagram/lyceum24
2100

Өтеген батыр ауылындағы №24 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Ақжол Герой бір автобустағы жолаушыларды аман алып қалды. Ол өзі мінген автобустың жүргізушісі рульге ие бола алмай, өзін нашар сезінгенде дереу әрекет етіп, тежегішті басып, қоғамдық көлікті тоқтатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 22 қарашада Оқиға Алматы облысы Іле ауданында, кешкі уақытта болған.

«8-сынып оқушысы Герой Ақжол Нұрланұлы мінген 219-шы автобустың жүргізушісі кенеттен есін жоғалтып, талып қалған. Өзінің ғана емес барлық жолаушылардың өміріне қауіп төнгенін түсінген батыл бала дереу іске көшіп, ойланбастан автобус рөліне жармасыпты. Сөйтіп, тежеуішті дер кезінде басып үлгеріп, барлық жолаушылардың өміріне төнген қауіпке тосқауыл болған», - деп жазылған №24 мектеп-лицейдің Instagram-дағы парақшасында.

Ақжол аталған білім ордасының лицейіміздің 8-е сыныбында оқиды. Өтеген батыр ауылының Қарасу шағын ауданында тұрады.

«Ол дәстүрлі отбасында ата-әже, әке-анасымен, бауырларымен бір шаңырақ астында өсіп келе жатқан, көп балалы отбасынан шыққан үлгілі оқушы. Ақжол әрдайым жасы кішілерге, қыздарға қамқор болып жүретін, ұстаздарға да құрмет пен ілтипат көрсететін тәрбиелі оқушы. Өз ісіне тиянақты, ақкөңіл, алғыр оқушымыздың осындай батыл қадамға барған жанкешті әрекеті әркімді тәнті етері сөзсіз», - деп жазды лицейдің ресми парақшасы. 

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев оқушыны құттықтап, ноутбук, тәтті толы кәрзеңке сыйлады. Сонымен қатар оны тәрибелеген ата-анасына Алғыс хат табыстады. 

 

Серіктес жаңалықтары