«АМАNАТ»: Сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасын іске асыру барысы талқыланды

Биыл 126 тармақты қамтитын Жол картасының 117  тармағы жүзеге асырылды.

«АМАNАТ»: Сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасын іске асыру барысы талқыланды
923

 Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің  қатысуымен Астана қалалық филиалы «АМАNАТ» партиясының  «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру барысы туралы Астана қалалық мәслихатындағы фракциясының жиналысы өтті.

Сайлауалды бағдарлама негізгі 4 бағыттан тұрады:

  1. Кірістерді арттыру – 23 тармақ ;
  2. Өмір сүру сапасын арттыру – 27 тармақ;
  3. Өмір сүру жағдайларын жақсарту – 66 тармақ;
  4. Экологиялық жағдайды жақсарту – 10 тармақ.

Биыл 126 тармақты қамтитын Жол картасының 117  тармағы жүзеге асырылды. Ал қалған  9 бойынша орындалу мерзімі басталған жоқ.

Биыл қазанда Астана қаласы бойынша сайлауалды бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдауға сәйкес, 2023 жылы орындалуға тиіс 117 іс-шараның 47-і өткізілсе, 70-і алдағы уақытта ұйымдастырылады.

         Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жол картасының тармақтары  бойынша нақты атқарылған жұмыстарды атап өтті. Оның ішінде:

«Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,2%-ға артты. 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 49% - ға артық.

Тауар айналымы. Соңғы бірнеше жылда Астана шағын және орта бизнестің үлесі бойынша алдыңғы шепте. Биыл бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 73%-ды құрады.

Жұмыссыздық. Жұмыссыздық деңгейі 4,4%-ды құрайды, бұл орташа республикалық деңгейден 4,7%-ға төмен. Жұмыспен қамту іс-шараларына 23 мың адам қамтылды. 12 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 7,5 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды. Жұмыссыздарға көмек көрсету және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін «JOLTAP» жобасы іске қосылды, оның шеңберінде «Баршаға қолдау» модульдік пункттері арқылы тұрғындар кірістерді арттыру мүмкіндіктері бойынша кеңес ала алады.

Инфрақұрылым. ЖЭО-3 бірінші кезегінің және «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» екі газ жылу станциясының құрылысы аяқталды, бұл қосымша 1130 Гкал жылу қуатын қамтамасыз етті.

Сумен жабдықтау. Маусым айында Астана су қоймасынан қосымша су құбыры іске қосылды, бұл тәулігіне 90 мың м3 көлемінде қосымша су беруді қамтамасыз етті. Бүгін қалада су тапшылығы жоқ.

Автомобиль трафигі. Негізгі магистральдарды түсіру үшін қазан айының соңында Әл-Фараби даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жаңа көпір арқылы жол ашылды.

Көгалдандыру және абаттандыру. 165 қоғамдық және аула кеңістігін абаттандыру аяқталды. Жалпы 45 жасыл аймақ құрылды, оның ішінде 2 саябақ, 10 сквер және 33 қоғамдық кеңістік бар.

Тұрғын үй. Кезекте тұрған әр түрлі санаттағы 1,4 мың отбасына, соның ішінде жетімдерге, көпбалалы аналарға, әлеуметтік осал азаматтарға және тұрғын үйі апатты деп танылғандарға баспана берілді.

Білім беру жүйесі. Биыл 14 жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. Оның алтауы пайдалануға берілді, сегіз мектептің құрылысы жалғасуда (жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда). Бұдан басқа, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 2025 жылға қарай 90 мың оқушыға арналған 24 мектеп салынады. Оның 15-і Есіл мен Нұра аудандарында орналасады», - деді әкім.

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы Атқарушы хатшысы Сактаған Сәдуақасов  сөз соңында сайлауалды бағдарламаның орындалуын жан-жақты бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін тілге тиек етті:

«Сайлауалды бағдарлама стратегиялық құжат. Осы бағдарламамени сайлауға түстік. Сайлаушыларымыз бізге, біздің бағдарламамызға сенді. Мәслихаттағы 34 орынның 29-ы біздің партиялықтар, біздің сайлаушыларымыз бізден нәтиже күтуде, бұл партия мен билікке, партия мүшелеріне басшылық лауазымдарда деген сенім», - деп атап өтті.

Фракция отырысында жол картасының орындалуына жасалған мониторинг қорытындысы талқыланып, талқыға салынған мәселелерге депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылды.

Серіктес жаңалықтары