Сынақта сынба!

Сынақ деген жаза емес, ол – ұлы иман. Сынақ деген азап емес, ол – күш-жігер. Сынақ деген сындыру емес, ол – ес жию. Сынақ де­ген қинау емес, ол – сабыр ету. Сынақ деген үрей емес, ол – шығар жол, сынақ деген ғалым­дарға – шамшырақ.

Сынақта сынба!
ашық дереккөз
3159

Менің бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолымдағы тәжірибемде байқаған бір дүнием, бізде сынақты Алланың жазасы немесе азабы ретінде түсініп, жамандық ретінде көреді екен. Ендеше, сынақ деген не және оны кім қалай түсініп жүр, осыған келейік. 

Сынақ – бір сөзбен айтқанда, ол адамзатқа Алла Тағала тарапынан бекітілген бір өлшем, яғ­ни қазіргі тілмен айтар болсақ, сынақ – Алла Та­ғаланың пендесіне беретін ең мықты тех­ни­касы. Түсіндіре кетейін, мәселен, адам мен адам ара­сында жүретін кез келген жамандық, бұл сы­нақ емес. Бұл – олардың адамзат деген ұлы ат­тарына келетін үлкен-кішілі сын. Егер ар-ұят­ы жоғары болса, бірін-бірі кешіреді, тө­мен болса, бір-бірінен үзіледі. Ал адам мен Алла­ның арасында жамандық жүреді ме, қалай ой­лайсыздар, ол сын ба әлде сынақ па? 

Құран Кәрімнің «Әнкабут» сүресінде: «Адам­дар, сірә, «Иман айттық» (болды), енді еш­­қан­дай сыналмай, жайымызша жүре береміз деп ойлай ма екен?» дейді. Яғни, Алла бар, мойын­­­даймын, оған сенемін, ол жүрегімде деп құр тілмен иман келтіріп, бірақ Алланың емес, өз білгенімен өмір сүремін десе, қатты қате­ле­седі. Ниет дұрыс, бірақ сол ниетке амалы сай бол­маса, бұл сынақтың алғашқы баспалдағы дей берсін. 
Сынақтан қалай өтеміз, мұндай жағдайда пен­де не істеуі керек?

Біріншіден, мынаны жақсылап ұғынайық, сы­нақтан ешкім қашып құтылған емес, «Қайда бар­саң да – Қорқыттың көрі». Сондықтан адам есін жиып, келешек өмірін ойлап, саналы түрде сынаққа қорықпай қарауы керек, яғни сынақты қабылдауы керек. 

Екіншіден, Жаратушының барлық жара­ты­лыс­ы – оның әскерлері. Мәселен, бір күн де­лік немесе бірнеше күн далада жел тұрмай қал­са, ауаны тымырсық басады, шөлден кө­зі­міз­ді аша алмай қаламыз. Немесе шөлімізді бас­қан, қажетімізге жараған судың өзі азайып кет­се, қуаңшылық басталады. Ал көбейіп кетсе, апат пен өлім. Бұл жалпы адамзатқа берілетін сы­нақ емей не? Сол сияқты Алла Тағаланың әс­керлерінің ішіндегі ең күштілері – ол от. Ал сол отты су өшіреді. Ол да Жаратқанның үлкен құ­діретті әскері. Сол құдіретті суды бұлт кө­те­ріп жүреді. Енді бұлтты күшті дейін десең, оны жел айдап әкетеді. Ал желді күшті дейін десең, оны таулар тоқтатып қояды. Тауды адамның кү­ші бұзады, реттейді, тіпті қажетіне пайда­ла­нады. Енді адамды күшті дейін десең, оны ұйқы тоқтатады. Ал ұйқыны не кетіреді, уайым мен қай­ғы. Ал уайым мен қайғыны не кетіреді, зікір ем­дейді екен. Сонда, адамзаттың ең күшті құ­ра­лының бірі – ол зікір, яғни Алланы ұлықтау. Ен­деше, Алламен дос болып, сынағына түскіміз кел­месе, түссек те, жеңіл болуын қаласақ, ті­лі­міз зікірден құрғамасын. СубханАлла, Әл­хам­дүлиллә, Аллаһу Әкбар, Астағфирулла, Лә иләһә илал­ла деп санамай сансыз айтсақ, бұл – Алланы қуант­қанымыз. Ал қалған уақытта осы сөздерді қа­зақ тілінде Аллаға мақтау, Алла пәк, Аллаға шү­к­ір, Алла ұлық, Алланың қалауы, Алла кеші­ре гөр, Алладан басқа Тәңір жоқ, Алла қа­ла­са, бұйыртса деп айтуымызға әбден болады.

Үшіншіден, дүние төңкеріліп кетсе де, са­быр түбі – сары алтын. Сабырлық сынақты жеңіл­­детеді, сауапты еселетеді яғни Алла ал­дындағы дәреже бір сатыға көтеріледі, егер са­быр етсе ғана! Ал уайымға беріліп немесе қай­ғыдан қан жұтып, байбаламға салып, құр­дым­ға кету, биіктен секіру не болмаса өзін-өзі тас­тап жіберу – бұл өмірді құрту, өнбейтін іс, сынақты ауырлату, денсаулықты нашарлату. Сон­дықтан қабырға қайыспас үшін, сағы сын­бас үшін, сынаққа берілмес үшін сынақты жү­рек­пен таразылау керек. Яғни, Алла Тағала сы­нақты не үшін жіберді, қай жерден қателік кет­ті, қандай амал-әрекеттер керек деген сияқ­ты түйіндерді шешу үшін, салқын ой мен ақыл сабырлы шешім шығаруға тиіс.   

Төртіншіден, шешімді ортаға салу. Ер адам бол­са қабырғасымен яғни күйеуі әйелімен не­ме­се әйелі күйеуімен, болмаса әке-ана, бауыр­лары­мен кеңесіп, сынағын жеңілдету. Ал үлкен қиын­дықтарда ағайынның басын біріктіргені тіп­тен жақсы. Маңайына туыс-жұрағатын, жа­на­шыр жақын дос-жарандарын жинап, қай­ғы­сын бөліссе, «Көп түкірсе, көл болар» де­мек­ші, сынағын бірге көтерісетіндер міндетті түр­де ортадан табылады, ең болмағанда уайым-қай­ғысы азаяды. Ер жігіттің аузында Алласы, жан-жа­ғында ағайыны болса, ешқашан сынақта жал­ғыз қалмайды, осыны ескерген жөн. 

Бесіншіден, еңсені қандай да бір ауыр сы­нақ басса да, мына әлемді билеп тұрған құ­діре­ті күшті жалғыз Алла ғана екенін ұмытпау. Сол құ­діретке жүзді бұру, қателік-күнәсі үшін ке­шірім сұрау, құлшылыққа келу, намазға тұру, сәж­деге бару, қолды жаю, дұға-тілекпен жал­барыну, тәубеге келу, Аллаға уәде, өзіне сөз беру, бо­лашағына үміт жалғау. Құдайсыз өмірдің нә­тижесін көрді, енді Құдайы бар өмірді бас­тауы керек. Бұл – адаммен емес, әлемдердің Раб­бысы болған Жаратушы Алламен бай­ла­ныс­қа шығу. Мұндай сынақтардан небір-небір «Мен­мін» дегендер, атағы жер жарған патшалар, атышулы батырлар, дәулеті тасыған бай­қуат­тылар да өткен. Керек десеңіздер, кедей де, кеп­шік те, көзі көрмейтін соқыр да, тілі жоқ мыл­қау да өткен. Бәрінің соңғы ойы Алла, сөзі Құ­дай болған. Өзін-өзі іштей кеміріп жей бер­геннен өмірді өзгертпейді. Қиындыққа тіке қарау – кім екенін дәлелдеу. Сондықтан мен айт­қан болар едім, біз бар болғаны әлсіз пен­де­міз. Қанша жерден мықтымыз десек те, күн ысы­са, көлге жүгіреміз, күн суыса, үйге жүгіре­міз. Сол көл мен үйдің арасында арагідік күнге қақталып, сынаққа қыздырынып тұрғанымыз жөн. Өйткені рухани әлсіздігімізді, жүректегі иманымызды шыңдайтын дәл осы – сынақ. Сы­нақ – өмірімізге сабақ, рухымызға – тәрбие, өзі­міз­ге – пайда, жанымызға – ем, жүрегімізге – тәубе, бағытымызға – тура жол. Егер Мұхам­мед (с.ғ.с.) пайғамбардан «Сынақ деген не?» деп, сұраса: «Мұсылманға не кездіксе де,  мейлі ұзақ ауру, ма­засыздану, қайғы, қолайсыздық, керек де­сеңіз тікенектің шаншығаны болсын, Алла Таға­ла ол үшін міндетті түрде күнәләрінің бі­рін кешіреді. Бұл өмір – адамдардың сабырлығы мен төзімділігін ашатын қиындықтардан тұра­тын сынақтан басқа ештеңе емес. Сынақтар әр­түр­лі болады: кедейлік, ауру, өмір сүрудің қауіпті ортасы, жақындарынан айырылу және та­ғы басқа», – деген болар еді. Ал кемеңгер Абай ата­мыз: 
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз – деп жауап берер еді. Ал біз бүгінде сынақ деген жаза емес, ол – ұлы иман. Сынақ деген азап емес, ол – күш-жігер. Сынақ деген сындыру емес, ол – ес жию. Сынақ де­ген қинау емес, ол – сабыр ету. Сынақ деген үрей емес, ол – шығар жол, сынақ деген ғалым­дарға – шамшырақ, Алла жолындағыларға – ес­керту, мүміндерге – тура жол, ақыретті ұмыт­қандарға – өлім хабаршысы. Тағдырға қар­сы шықпайық, шықсақ мықты болайық! 

Нұрлан қажы Байжігітұлы, 
«Ырыскелді қажы» мешітінің 
бас имамы, дінтанушы

Серіктес жаңалықтары