Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеруден 107 келіні еңсеріп, кіші күміс медалді жеңіп алды.

Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Instagram/committee_sport
1524

Мексикада өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айсамал Сансызбаева күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясынан мәлім етті.

Айсамал Сансызбаева 87 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 250 келіні бағындырды.

Қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеруден 107 келіні еңсеріп, кіші күміс медалді жеңіп алды. Ал серпе көтеруден 143 келі нәтижемен кіші алтын жүлдеге ие болды.

Тағы бір отандасымыз Егор Шерер 89 келіге дейінгі салмақта қоссайыс бойынша 334 (153+181) келі көрсеткішпен 7-орыннан көрінді.Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Мексикадағы әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс медальмен аяқтап отыр.

Бұған дейін Едіге Емберді алтыннан алқа тағып, ел байрағын биікке көтерген болатын. 44 елден 229 қатысушы жиналған жаһандық додада ел намысын бес спортшы қорғады.

Серіктес жаңалықтары