2217
46 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері ұсталды
Қазір Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Алматыда мектеп бухгалтері 46 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.
Мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы штаттық кестедегі еңбекақыдан көп жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген. Ол өз кінәсін толық мойындады, - дейді ведомстводағылар.
Қазір Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бухгалтердің кінәсі толық дәлелденсе 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету" бойынша айыпты адам материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға және бас бостандығынан 7 жылға айыру жазасы қарастырылған.