902
Атыраудағы жанармай қоймасына 324 млн теңге айыппұл салынды
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Атырауда сұйытылған мұнай газын сақтайтын парк ірі көлемде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлескен тексеру барысында «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің іс-әрекетінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілерін анықтады.
Zakon.kz сайтының мәліметінше, сот ЖШС-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартты. Яғни 324 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.